Кеңестік билік жылдары қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен осы жүйе саясатына бағындырылып, соның өлшемімен қарастырылғандығы, таптық қалыпқа салынған кез-келген ұлттық мұрамыздың социалистік мұраттарға қатысы барлығына, әлде жоғына басты назар аударылғандығы, сөйтіп, қазақ әдебиетінде ақтаңдақтаркеңістігі барған сайын ұлғая бергендігі мәлім. Осыған орай, қазақ әдебиетінің тарихы қайта қаралып, жаңадан жазыла бастауына, әдебиет тарихынан елімізге танымал болған көрнекті тұлғалардың шығып қалуы.Кітапта көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет зерттеуші, сыншы Ыдырыс Мұстамбайұлының (1898-1937) 1920 жылдардағы қазақ әдеби сыны мен абайтану мәселелеріне қатысты еңбектері сол кездегі саяси-қоғамдық үрдіспен тығыз байланыста жан-жақты талданып қарастырылады. Еңбек гуманитарлық сала мамандары мен әдебиет зерттеушілеріне және жалпы әдебиет сүйер оқырманға арналған.